A+ A A-

talgatzhan 33 16-10-2025, 17:25 0

Зайсан мен Катонқарағайда салынып жатқан әуежайларға мамандар даярлау басталды

Бүгін / Зайсан / Катонқарағай

Өңірде құрылысы жүріп жатқан жаңа әуежайларға авиация саласы бойынша мамандарды даярлау басталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Зайсан ауданының еңбек мобильділігі орталығы авиациялық қызмет саласындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта даярлау курстарына қысқа мерзімді оқуға қабылдау жариялады:

– әуе қауіпсіздігі бойынша инспектор;

– авиациялық орнитология инженері;

– аэродромды пайдалану бойынша кезекші инженер;

– қауіпсіздік бөлімінің инспекторы;

– бақылау-өткізу пунктінің инспекторы;

– жанар-жағармай материалдары бойынша авиатехник;

– жөндеу-құю базасының машинисі;

– электромонтер/техник;

Тегін оқу мерзімі – 6 ай. Ай сайынғы шәкіртақы – 20 АЕК. Оқу кезеңінде тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Кейін жаңа әуежайларға жұмысқа орналасу мүмкіндігі беріледі.

Құжаттар 30 қазанға дейін қабылданады. Толық ақпаратты Зайсан ауданының Мансап орталығынан алуға болады (Зайсан қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 10).

Байланыс нөмері: 8 (72340) 25-225.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив