Катонқарағай ауданының әкімі Данияр Дүйсембаев еңбек күші артық өңірлерден қоныс аудару бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, биыл аталған бағдарлама бойынша еңбек күші артық өңірлерден Катонқарағайға аймақтық квота шеңберінде 9 отбасы, яғни 24 адам көшіп келді. Тағы 50 азамат қоныс аудару үшін квота күтіп отыр.
Айта кетейік, 3 қазанда Шымкентте өткен «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесінің нәтижесінде шаһардан 68 отбасы (286 адам), Сарыағаш ауданынан 24 отбасы (102 адам) Катонқарағай ауданына қоныс аударуға ниетті.
Пікірлер