Биыл ауданда төрт ірі инвестициялық жоба қолға алынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми мәліметке сүйенсек, Ақшарбақ ауылындағы «Верх-Катунь» панто-шипажайы кеңейтіліп (400 млн теңге), Аршаты ауылында «Altay Resort» курорттық кешені (2 млрд теңге), Өрел ауылындағы «MuzTau» эко-отелі аумағында мейрамхана (200 млн теңге), Катонқарағай ауылында «Altay Terra Resort» туристік кешені (500 млн теңге) салынды.
Бұдан бөлек, халықаралық инвестициялық форумда «Altai Taihe Real Estate Development Company Ltd» компаниясымен 8 млрд теңгеге қонақ үй кешенін және киіз үй қалашығын, «Pana Asia» компаниясымен 6 млрд теңгеге туристік қалашық салу туралы меморандумдарға қол қойылды.
- Ауданның дамуына Мемлекет басшысының Катонқарағайда әуежай салу туралы шешімі де үлкен серпін берді. Заманауи әуежай туристер мен кәсіпкерлерді тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл ауданның халықаралық туристік бағыт ретіндегі мәртебесін арттырады. Әуежай Астана, Алматы, Өскемен, Семей қалаларына ішкі рейстерді, Алтай мен Қанасқа (Қытай Халық Республикасы) және Баян-Өлгейге (Моңғолия) халықаралық маршруттарды қамтамасыз етеді, - деді аудан әкімі Данияр Дүйсембаев.
Пікірлер