Биыл 1,35 млрд теңгеге 6 жол жөндеу жобасы қолға алынбақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Маңызды жобалардың қатарында аудандық маңызы бар «Жанат панто-шипажайына» демалыс базасына кіреберіс жол (33 млн теңге), Коробиха ауылына кіреберіс жолдың 16,5 шақырымы (45 млн теңге), «Жаңа-Үлгі – Жамбыл – Берел» тасжолының 0–12 шақырымы (87,471,2 млн теңге), «Согорное – Барлық – Ақсу» тасжолының 8–41 шақырымы (484,312 млн теңге), Аршаты ауылына кіреберіс жолдың 0-12,8 шақырымы (586,900 млн теңге), Катонқарағай ауылының көшелерін орташа жөндеу (115 млн теңге), республикалық маңызы бар «Өскемен–Алтай–Үлкен Нарын–Катонқарағай–Рахман қайнарлары» тасжолының 437–450 шақырымын орташа жөндеу бар. Аталған тасжол Өрел, Аршаты, Берел ауылдары мен «Рахман қайнарлары» шипажайы арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз етеді. Құрылыс-монтаж жұмыстары биыл маусымда басталып, 2026 жылы толық аяқталады деп жоспарланған.
Жол жөндеу жұмыстары уақтылы және тиімді жүргізу үшін аудан әкімдігінің бастамасымен, «Өскемен - Тазалық» ЖШС қолдауымен Шыңғыстай ауылының маңында асфальтты-бетонды зауыт іске қосылды. Ол сағатына 80 тонна асфальт өндіреді. Зауыт құрылысына 300 млн теңге инвестиция құйылды. Кәсіпорын шетелдік экологиялық стандарттарға сай келетін заманауи технология бойынша жұмыс істейді. Бүгінде 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген.
Айта кетейік, Катонқарағай ауылында көше жарығын орнату үшін 30 млн теңге бөлінді. 34 қырлы тірек пен 60 қарапайым тірек орнату, 78 орында кабельдер мен шамдарды ауыстыру жоспарланған. Қазір жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Пікірлер