Республика күні қарсаңында ауданда көптен күткен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл нысан аймақтағы ең ұзаққа созылған құрылыс жобаларының - бірі. Құрылыстың бірнеше рет кейінге шегерілгеніне қарамастан, облыс басшылығы мен мердігер ұйымдардың жүйелі жұмысының арқасында заманауи спорт кешені пайдалануға берілді.
Жаңа кешен аудан жастары мен спорт сүйер қауымға арналған. Мұнда кең спорт залдары, киім ауыстыратын бөлмелер және түрлі бағыттағы физикалық жаттығуларға арналған арнайы бөлмелер бар.
Бұл нысан — Президенттің бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларының нақты көрінісі. Спорт кешенінің ашылуы ауданның әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуына тың серпін беріп, болашақ чемпиондар тәрбиеленетін орта болмақ.
Кешеннің пайдалануға берілуі Катонқарағай тұрғындары үшін нағыз мерекелік тарту болды. Енді аудан халқы спортпен айналысуға, ашық аспан астында демалуға және түрлі бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған заманауи орынға ие болды.
Пікірлер