A+ A A-

talgatzhan 23 11-10-2024, 16:04 0

ШҚО-да жыл басынан бері түрлі оқыс оқиғалардан 235 адам құтқарылды

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері түрлі оқыс оқиғалардан 235 адам құтқарылып, 1 075 адам қауіпсіз жерге көшірілген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 


ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Рашид Блялов 9 айдағы қызметтің қорытындысын жасады.

«Өңір құтқарушылары 2 831 рет түрлі оқыс оқиғаларға барған. Барлығы 235 адамды құтқарып, 1 075 адамды эвакуациялады. 2023-2024 жылғы қысқы кезеңде ТЖД бөлімшелері 18 рет апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 90 адам құтқарылды, оның ішінде 14-і бала», - деді ол. 

Жаз айларында жүргізілген профилактикалық жұмыстардың арқасында суға батқандар саны өткен жылмен салыстырғанда 33%-ға төмендеген. Департамент қызметкерлері күнделікті патрульдеу барысында 23 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарып қалған. 

«Облыстағы дала өрттерінің саны 6 есеге азайып отыр. Биылғы өрт қаупі жоғары кезеңде пилотсыз ұшу аппараттары мен тікұшақтардың көмегімен әуеден мониторинг жүргізілді. Орманды жерлерде заңбұзушыларды уақтылы анықтайтын 52 мобильді топ жұмыс істеді. 60-тан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді Рашид Блялов.

Алдағы қыс мезгілінде облыс автожолдарында 10 жылыту пункті жұмыс істейді. Төтенше жағдайлар болса 1 700-ден астам құтқарушы және 680-ге жуық техника сақадай сай. 

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-да полицейлер қылмыстық істерді уақтылы қарамай, бұрмалап келгені хабарланған.

Фото: ШҚО ТЖД видеосынан кадр

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив