Алдағы демалыс күндері өңірде қалың қар жауып, жолда көктайғақ болады деп күтілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Қазгидромет» РМК-ның ақпаратынша, өңірде жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін. Түнде -5-10 градус суық, ал күндіз +2+8 градус жылы болмақ.
Ал Өскеменде қар мен жаңбыр жауып, жел күшейеді. Күндіз +3+8 градусқа дейін жылы, түнде 0-2 градус суық болады деп болжануда.
Пікірлер