A+ A A-

talgatzhan 72 Кеше, 10:10 0

Зайсан мен Катонқарағайдағы жаңа әуежайлар көктемде алғашқы рейстерді қабылдай бастайды

Бүгін / Басты / Зайсан / Катонқарағай

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов «Jibek Joly» арнасының «Уәде» бағдарламасында Зайсан және Катонқарағай аудандарында Президент тапсырмасы бойынша салынып жатқан әуежайлардың құрылысы қай сатыға жеткенін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

- Құрылыстар уақытында басталған. Қазір ұшу және айналма жолақтары салынып бітті. Енді ғимараттары салынып жатыр. Жыл аяғына дейін ұшақ қабылдайтын жағдайға жетеміз. Бірақ біз келесі жылдың көктемінде, туризм маусымы басталған кезде туристер Катонқарағай мен Зайсанға келе бастайды, - деді әкім.
Нұрымбет Сақтағанов әуежайлар шекаралық аудандардың әлеуетін арттыратынына сеніп отыр.
- Бұл шетелдік туристердің келуін жеңілдетіп қана қоймай, отандық туристердің 80-90 адамдық ұшақтармен қатынауын жеңілдетеді. Бұл екі әуежай туризмнің дамуына үлкен үлес қосайын деп тұр, - деді облыс әкімі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив