Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Әкімнің айтуынша, бүгінде Зайсандағы әуежай құрылысы 66 пайызға аяқталса, Катонқарағайдағы әуежайдың 55 пайызы салынып бітті.
- Ұшып-қону жолақтары, рулеж жолдары салынды. Қазір перрон мен аэровокзал құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін бұл құрылыс жұмыстары аяқталады. Тапсырыс беруші “Қазаэронавигация” кәсіпорны қазір жабдықтарды сатып алу және оны орнату жұмыстарымен айналысып жатыр. Меніңше, келесі туристік маусымға дейін алғашқы ұшақтар қабылданатын болады, - деді Нұрымбет Сақтағанов.
Ол сәуір, мамыр айларында әуежай пайдалануға берілетінін айтты.
Пікірлер