A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 11:40 0

Катонқарағай ауданында жаңа мейрамхана ашылды

Бүгін / Катонқарағай

«Ұлназ» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің жетекшісі Тлеубек Мұсабаев  «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 31,2 миллион теңге жеңілдетілген несие алып, заманауи мейрамхана салды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жаңа нысанның ашылуы ауыл тұрғындары үшін қосымша жұмыс орындарын құруға ықпал етіп қана қоймай, өңірге келетін туристер мен қонақтар үшін сервистің сапасын жаңа деңгейге көтереді деп күтілуде. 
Катонқарағай – табиғаты әсем, туристер жиі баратын аймақ. Сондықтан қызмет көрсету саласының дамуы ауданның экономикалық белсенділігін арттыруға зор мүмкіндік беретіні анық.
- Ауылымыздың дамуына үлес қосу – әр азаматтың борышы деп санаймын. «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бізге нақты мүмкіндік берді. Осы қолдаудың арқасында ауылға қажетті, заманауи талаптарға сай ресторан ашып отырмыз. Бұл нысан - тек кәсіп емес, ауыл тұрғындарына жаңа жұмыс орындары, туристерге жайлы қызмет көрсету мүмкіндігі. Алдағы уақытта қызмет аясын кеңейтіп, ауылдың экономикалық дамуына одан әрі үлес қосуды жоспарлап отырмыз, – деді «Ауыл аманаты» жобасының қатысушысы Тлеубек Мұсабаев.
«Ауыл Аманаты» бағдарламасы Катонқарағай ауданының кәсіпкерлік белсенділігін арттырып, ауыл экономикасын нығайтуға серпін беруде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив