Көлік вице-министрі Талғат Ластаев келесі жылы пайдалануға берілетін Зайсан, Катонқарағай, Кендірлі әуежайларына билет құны қанша болатынын айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
- Құрылыс жұмыстары биыл басталып, жылжып жатыр. Біздің ойымызша, келесі жылдың соңына дейін 3 әуежайдың құрылысын бітіреміз. Зайсан әуежайын келесі жазғы маусым басталғанда ашамыз деп отырмыз. Одан кейін Қатонқарағай, Кендірлі ашылады. Бірақ, үш әуежайды да келесі жылы пайдалануға береміз. Билет құнын айтар болсақ, бұл бағыттарда алғашқы кезеңде субсидия бөлінеді. Орташа бағасы 20 мыңның шамасында болады. Бізде бұл әуежайларға ұшу мүмкіндігі Скат пен Qazaq Air компанияларында бар. Осы компаниялар негізінен аталған әуежайларға қатынайды, - деді Талғат Ластаев.
Пікірлер