A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 12:40 0

ШҚО-да бюджеттік бағдарламаларға ревизия жүргізіледі

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы облыс активінің отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өңір бюджетінің 60 пайыздан астамы әлеуметтік және инфрақұрылымдық міндеттерді шешуге бағытталған. 1 мамырға дейін шығыстардың тиімділігін арттыру мақсатында бюджеттік бағдарламаларға ревизия жүргізіледі.

Бүгінде облыста құрылыс жұмыстарының көлемі 458,8 млрд теңгеге (109,3%), ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 554,6 млрд теңгеге (102%) жетті. 

29 мың жаңа жұмыс орны құрылып, орташа айлық жалақы 9,5 пайызға өсті. Ал жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыздан аспайды.

Сонымен қатар инфляцияны тежеу бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. 1 ақпандағы жағдай бойынша өңірде инфляция деңгейі 12 пайызды құрады. 

Айта кетейік, аймақта жалпы құны 12,4 млрд теңгені құрайтын 45 мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ 10 млрд теңгеден астам жеке инвестиция тарту арқылы тағы 7 жобаны іске қосу жоспарланған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив