452.91 509.43 5.53
A+ A A-

Шығыс жастары: болашаққа бейжай қарамайтын буын

Шығыс жастары: болашаққа бейжай қарамайтын буын [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

15 наурызда өтетін республикалық референдум қарсаңында облыс жастары ел тағдыры үшін маңызды қадамға үн қосты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жас буын өкілдерінің айтуынша, референдум — үнсіз қалатын сәт емес, керісінше өз көзқарасыңды ашық білдіріп, елдің даму бағытына үлес қосатын мүмкіндік. 
- Жастардың белсенді азаматтық ұстанымы — елдің тұрақты дамуының берік негізі. Жас ұрпақ саналы таңдау жасағанда, олар тек өз болашағын ғана емес, тұтас мемлекеттің келешегін айқындайды, - деді Айдос Әділбекұлы.
Шығыс жастары бұл үндеуді міндеттеу ретінде емес, саналы азаматтың ел алдындағы парызы ретінде қабылдауға шақырады. Себебі азаматтық белсенділік — заңмен берілген құқықты пайдалану ғана емес, сол құқық арқылы қоғам дамуына ықпал ету.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив