A+ A A-

talgatzhan 22 Кеше, 14:40 0

Өскеменде азаматтық қорғау саласы қызметкерін еңбек демалысына шығарып салды

Бүгін / Өскемен

Өскемен қаласында ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылары өрт сөндіру автокөліктерін жүргізу бойынша аға нұсқаушы Сұңғат Ахметовті құрметті еңбек демалысына салтанатты түрде шығарып салды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ол азаматтық қорғау саласында 20 жыл бойы адал қызмет атқарып, ондаған төтенше жағдайдың ортасында жүрді.
– Сұңғат Ахметов 50-ден астам апаттық-құтқару жұмысына, 60-қа жуық өртті сөндіруге қатысып, жүзден аса шақыртуға жедел шыққан. Жүргізушінің кәсіби шеберлігі мен жедел әрекеті талай сәтте адамдардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етті, – делінген ақпаратта.

Ірі өрт оқиғалырының ішінде Риддер қаласындағы орман өрті ерекше есте қалған. Қою түтін, жанған ағаштар мен техниканың шөгу қаупіне қарамастан, ол әріптестерімен бірге жүктелген міндетті абыроймен орындады.

Ұзақ жылдар бойы жас мамандарға тәлімгер болып, тәжірибесімен бөлісті. Әріптестері оның кәсібилігіне алғыс білдіріп, дәстүрлі су шашу рәсімімен құрмет көрсетіп шығарып салды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив