A+ A A-

talgatzhan 38 Кеше, 14:30 0

Өскеменде жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді

Бүгін / Өскемен

14 ақпан жеңіл атлетика манежінде Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың құрметіне арналған жеңіл атлетикадан XI халықаралық турнир ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жарыс World Athletics Indoor Tour Silver Level мәртебесінде өтеді. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен кіл мықтылар жиналмақ. 
Көрермен жүгіру, секіру және эстафеталық жарыстарды тамашалай алады. Турнир тарихында алғаш рет паралимпиада спортшылары қатысады. Бұл инклюзивті спорт түрлерін дамытуға үлес қосады. 
Турнир бағдарламасы:
60 м, 400 м, 800 м, 3000 м жүгіру;
60 м кедергілер арқылы жүгіру;
үш рет қарғып секіру;
таяқпен секіру;
ұзындыққа секіру;
ядро ​​лақтыру;
4x200 м аралас эстафета.
Турнир World Athletics халықаралық күнтізбесіне енгізілген.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив