Облыста жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік бойынша профилактикалық айлық аясында сейсможаттығулар жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz.
Кезекті оқу-жаттығу Қазақстан-Америка еркін университетінде өтті. Шара барысында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары студенттер мен оқытушылар құрамына нұсқама жүргізіп, алынған білімді тәжірибе жүзінде бекітті.
Дабыл сигналы берілген сәтте қатысушылар ғимараттан эвакуацияланып, бір бөлігі қауіпсіз орындарды паналау алгоритмін пысықтады. Құтқарушылар жер сілкінісі кезінде назар аудару қажет негізгі талаптарды түсіндіріп, жиі жіберілетін қателіктерге тоқталды.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Исхар Савазовтың айтуынша, мұндай жаттығулар «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес кәсіпорындар мен білім беру ұйымдарында тоқсан сайын өткізіледі.
— Табиғи апат кезінде мұндай әрекеттерді автоматты деңгейге жеткізу үшін қажет. Себебі, дәл осы дағдылар адам өмірін сақтап қалуы мүмкін, — деді ол.
Пікірлер