ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында Ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қабылдауға шамамен 200 адам келген.
Тексеру барысында 12 адамнан онкологиялық ауру анықталды. 6 обыралды жағдай, қосымша тексеру мен емдеуді қажет ететін 86 өзге сырқат түрі белгілі болды.
Ашық есік күнінде онколог дәрігерлер бірнеше бағыт бойынша тегін қызмет көрсетті. Келушілерге сүт безі, тері, асқазан-ішек жолы, бауыр, бас пен мойын, кеуде қуысының қатерлі ісігі, онкоурология бойынша кеңес берді. Ультрадыбыстық тексеруден өту де ұсынылды.
Балауса ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ
Пікірлер