A+ A A-

talgatzhan 39 Бүгін, 14:25 0

ШҚО-да наурыз айында ауа райы қандай болады?

Бүгін / ШҚО

“Қазгидромет” РМК көктемнің алғашқы айына арналған болжам жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Көктемнің келуімен аяз басылады. Түнде сынап бағанасы -19-24 градустан 3-8 градусқа дейін, күндіз -7-12 градустан +2+7 градусқа дейін көтеріледі.
Екінші онкүндіктің басында температураның күрт төмендеуі күтілуде. Түнде -19-24 градусқа дейін, күндіз -7-12 градусқа дейін суытады. Бұдан соң күн қайта жылынады деп күтілуде. Сынап бағанасы +5+10 градусқа дейін, облыстың оңтүстігінде +13 градусқа дейін жетеді.                                                                                                                   Үшінші онкүндікте ауа райы құбылады. Түнгі температура -8-13 градусқа дейін, ал күндізгі температура +2 градусқа дейін барады. Дегенмен облыстың шығысында түнде сынап бағанасы -20 градустан төмен түсуі мүмкін.
Наурызда жауын-шашынның нормадан жоғары болады. Екпіні секундына 15-20 метрге дейін жететін жел соғады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив