452.91 509.43 5.53
A+ A A-

Өскеменде «Тұрмыс» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр

Өскеменде «Тұрмыс» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Облыс орталығында 15–22 ақпан аралығында «Тұрмыс» республикалық жедел алдын алу шарасы ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Оның мақсаты — тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау, отбасылық жанжалдарды уақытында анықтау.

Тәртіп сақшылары жергілікті тұрғындармен әңгімелесіп, есепте тұрған адамдарды тексереді. Сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін анықтап, зардап шеккендерді қорғауға бағытталған шаралар қолданады. Сондай-ақ полиция көмегіне жүгіну тәртібі мен жауапкершілік шараларын түсіндіреді. 

Полиция қызметкерлері қала тұрғындарын тұрмыстағы зорлық-зомбылық фактілеріне бей-жай қарамауға шақырады. Қауіп туындаған жағдайда дереу 102 нөміріне хабарласу қажет.

 

Балауса ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив