A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 10:40 0

Катонқарағай тұрғынының үйінен 1,7 келі марихуана табылды

Бүгін / ШҚО / Катонқарағай

Қаңтар айында аудандық полиция бөліміне аудан аумағында есірткі заттарын заңсыз сақтау дерегі туралы жедел ақпарат түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жеке тұрғын үй мен оған іргелес аумақты тексеру кезінде шаруашылық құрылыстарының бірінен жасырын орын анықталды.

Ас үйдегі орындықтың астынан полицейлер үш полимерлі пакетті тапқан. Оның ішінде өзіне тән иісі бар қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес зат болды. Сондай-ақ басқа бөлмеден есірткі тұтынуға арналған құралдар табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 1,7 келіден асатын кептірілген марихуана болып шықты. 

Полиция азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Егер есірткі заттарының заңсыз айналымы туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, 102 нөміріне хабарлауды сұрайды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив