A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 14:30 0

Өскеменде Қабанбай батыр ескерткішінің маңы тазаланды

Бүгін / Өскемен

Бүгін Өскеменнің кіреберісіндегі Қабанбай батыр ескерткіші төңірегінде сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шара барысында жастар, еріктілер мен қала тұрғындары қоқыс жинап, аумақты тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Ұйымдастырушылар сөзінше, мұндай акциялар қоғамның мәдени мұраны сақтауға деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

Айта кету керек, шаһарда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында бірқатар ауқымды экологиялық шара жалғасуда. Тазалық жұмыстары Тәуелсіздік монументі орналасқан Қазыбек би мен Ілияс Есенберлин даңғылдарының қиылысында, Жеңіс мемориалы кешенінің аумағында және Оралхан Бөкей ескерткіші маңында жүргізілді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив