«Қазгидромет» синоптиктері 2026 жылғы 20 сәуірде Қазақстанның 14 облысында, сондай-ақ Алматы тауларында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман күтіледі. Облыстың шығыс және таулы өңірлерінде желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде солтүстігінде және тау бөктерінде ауа температурасы -2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін.
Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарында түнде және таңертең тұман болады, желдің екпіні 15–20 м/с дейін баруы ықтимал.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман күтіледі. Жезқазғанда да түнгі және таңғы уақытта тұман болады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Қарағанды қаласында да осы уақытта тұман сақталады.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде және орталығында күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ақтөбеде де күндіз жаңбыр мен найзағай болжанып отыр.
Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай болады. Түнде және таңертең батысында тұман күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с. Атырауда түнде жаңбыр, найзағай болжанып отыр.
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с дейін жетеді.
Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында тұман болады. Желдің екпіні 15–20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының солтүстігі мен таулы өңірлерінде түнде -2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с. Петропавлда да күндіз жел күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады.
Абай облысында да түнде және таңертең тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр, найзағай болжанып отыр. Түнде және таңертең оңтүстік-батысында тұман түседі. Батысында және солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с. Ақтауда күндіз кей уақыттарда шаңды дауыл болады.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с. Оралда да күндіз жауын-шашын болады.
Пікірлер