A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 10:00 0

Бүгін ел кітапханаларында «Кітапхана түні» акциясы өтеді

Бүгін / Республика

Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған кітап апталығы аясында бүгін ел кітапханаларында «Кітапхана түні» акциясы өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Кітап апталығының бесінші күні аясында кітапханаларда квест-ойындар, вернисаждар, зияткерлік сайыстар, шығармашылық кездесулер, поэзия кештері мен түрлі интерактивті бағдарламалар ұйымдастырылады.
– Бұл бастама кітапханаларды тек оқу орны емес, заманауи мәдени-танымдық кеңістік ретінде дамытуға бағытталған. Акция аясында оқырмандар үшін жаңа форматтағы шаралар ұсынылып, кітап оқуға қызығушылықты арттыру көзделіп отыр, – делінген хабарламада.
Аймақтарда да түрлі форматтағы іс-шаралар өтеді. Алматыда «Айқас» зияткерлік ойыны ұйымдастырылса, Астанада «Кітапханадағы түнгі vibe» бағдарламасы өткізіледі. Батыс Қазақстан облысында балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы бағдарлама ұсынылады.
Жамбыл облысында «Түнгі кітап әлеміне саяхат» атты танымдық іс-шара өтсе, Түркістан облысында ақын Асылзат Арыстанбек пен композитор Жанар Болатбекованың қатысуымен поэзия кеші жоспарланған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив