Бұл туралы ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Рауан Тұрысбек мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жаңа басқару үлгісіне мүлік иелері бірлестіктері (МИБ) және тікелей бірлескен басқару (ТББ) жатады. Сонымен қатар «бір үй – бір шот» қағидаты қарастырылған. Ол тұрғындардың қаражатын мақсатты пайдалануды қамтамасыз етеді.
– Қазір басқарудың жаңа нысандарына 1 184 көпқабатты тұрғын үй өтті, бұл облыстың тұрғын үй қорының 35%-ын құрайды. Оның ішінде 415 үй МИБ нысанында, ал 769 үй ТББ нысанында жұмыс істейді, – деді Рауан Тұрысбек.
Оның айтуынша, бұл өзгерістер басқару ашықтығын арттыруға, тұрғын үй қорын күтіп ұстау сапасын жақсартуға және сервистік қызмет көрсетуді дамытуға бағытталған.
Пікірлер