A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 10:15 0

ШҚО-да қару сатып алу акциясы басталды

Бүгін / ШҚО

ШҚО Полиция департаментінің ақпаратынша, 20 сәуірден бастап өңірде заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ерікті түрде сатып алу бойынша акция ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шара барысында азаматтар тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының бөлімшесіне тіркелмеген қару мен оқ-дәрілерді тапсырғаны үшін ақшалай сыйақы қарастырылған.
ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер немесе жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
- Жарақаттанудың алдын алу мақсатында табылған жарылғыш материалдарға және оқ-дәрілерге тиіспеуді, оларды тасымалдауға тырыспауды, бұл туралы полиция бөлімшелеріне, 102 немесе 112 телефондары арқылы хабарлауды сұраймыз, - делінген ШҚО Полиция департаментінің мәліметінде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив