A+ A A-

talgatzhan 43 Бүгін, 10:20 0

ШҚО-да есірткі таратқан 30 жастағы ер адам ұсталды

Бүгін / ШҚО

ШҚО Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері Алматы қаласы Полиция департаментіндегі әріптестерімен бірлесіп, тыйым салынған психотроптық заттар интернет-дүкенінде жұмыс істеген курьерлер жұмысының жолын кесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Алматыда жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында курьер-жасырушы қызметін атқарған 20 жастағы бойжеткен ұсталды. Жеке тінту кезінде одан изолентамен оралған, ішінде ұнтақ тәрізді заты бар 36 түйіншек табылып, тәркіленді.
Маманның қорытындысына сәйкес тәркіленген зат жалпы салмағы 20 грамнан асатын мефедрон болып шықты.
Бұдан бөлек, Өскемен қалалық полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жалдамалы пәтерде тұрып, есірткі заттарын таратумен айналысқан 30 жастағы ер адамды ұстады.
- Тінту барысында ұнтақ тәрізді заты бар 12 түйіншек, ұялы телефон тәркіленді. Пәтерді тінту кезінде қосымша тағы бес ұялы телефон табылды. Зерттеу нәтижелері бойынша тәркіленген заттың жалпы салмағы 20 грамнан асатын «a-PVP» психотроптық заты екені анықталды. Күдіктінің қаңтар айында Алматыда Telegram мессенджері арқылы курьер-жасырушы болып жұмысқа орналасқаны анықталды. Наурыз айының басында куратордың нұсқауымен ол Өскеменге келіп, баспана жалдап, тыйым салынған заттарды таратумен айналысқан, - делінген ресми ақпаратта. 
Қазір екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Тәркіленген есірткі заттарының көлемі 20 грамнан асады және қолданыстағы қылмыстық заңнамаға сәйкес ірі мөлшерге жатады, бұл ауыр қылмыс ретінде сараланады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив