Бүгін Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің аумағында «Digital Nauryz – 2026» мерекелік іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, мейрам сағат 12:00-ден 15:30-ға дейін жалғасады.
Бағдарламада театрландырылған қойылымдар, концерттік нөмірлер, ұлттық спорттық ойындар ұсынылады. Дастархан жайылып, үздік ұлттық образда болғандар марапатталады. Іс-шара «Қара жорға» биімен аяқталады.
Пікірлер