A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 10:35 0

ШҚО театры Астана жұртын қалай таңғалдырды

Бүгін / Басты / ШҚО / Руханият

Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры елордаға алғаш рет гастрольдік сапармен келіп, «Mamma Mia!» музыкалық спектаклін ұсынды. Қойылым жұма күні Қ. Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма театрының сахнасында өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оперетта труппасы үшін бұл гастроль - өңірден тыс жердегі алғашқы ірі қадам. Театрдың құрылғанына небәрі екі жыл болса да, осы уақыт ішінде ол өз көрерменін қалыптастырып, ерекше шығармашылық стилін айқындай түсті. Енді ұжым өзін республикалық деңгейде таныстырып отыр.

Шығысқазақстандық әртістер сахналаған «Mamma Mia!» - толыққанды шоу. Сахнада бір мезетте солистер, хор, балет және симфониялық оркестр өнер көрсетіп, үзіліссіз, қарқынды әрі әсерлі көрініс ұсынады.

Спектакльдің музыкалық негізін ABBA тобының әйгілі хиттері құрайды. Көпшілікке таныс әуендердің арқасында көрерменмен бірден байланыс орнады: бірі қосыла ән айтты, бірі сағынышқа берілді, енді бірі жай ғана атмосфераның ләззатын сезінді.

Астаналық көрерменнің ыстық ықыласы мюзиклдің жоғары деңгейде өткенін көрсетті. 

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, бұл гастроль ұжым үшін аса маңызды.

- Ұжым қысқа уақыт ішінде қарқынды өсіп, бүгінде сахнада өзін сенімді ұстайтын, өңірдің абыройын асыратын кәсіби командаға айналды,-  деді аймақ басшысы.

Бұл гастроль театр үшін жаңа белес болса, елорда көрермені үшін жаңадан қалыптасып келе жатса да алдына таудай мақсаттар қойған театр өнерімен танысудың тамаша мүмкіндігі болды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив