A+ A A-

talgatzhan 49 Бүгін, 10:40 0

ШҚО-да «EAST CUP 3x3» хоккей турнирінің жеңімпаздары анықталды

Бүгін / ШҚО / Спорт

Өңірде «EAST CUP 3x3» турнирінің екінші маусымы аяқталды. Салтанатты жабылу рәсімі Б. Александров атындағы Спорт сарайының кіші аренасында өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Чемпионат әуесқой хоккейдің дамуына серпін беріп, «3х3» форматының қарқынды дамып келе жатқанын айқын көрсетті.

Қазақстанда осы форматтағы алғашқы ресми турнир дәл Өскеменде басталды. Биылғы маусым аты аңызға айналған Борис Александровтың алғашқы тәлімгері, белгілі бапкер Юрий Павлович Тарховтың құрметіне арналды.

Турнирді өткізу бастамасын «BERKUT» әуесқой хоккей командасының басшылығы көтерді.

Жарысқа 30 жастан асқан ойыншылар қатысты. Сонымен қатар кәсіби деңгейде өнер көрсеткен, 50 жастан асқан тәжірибелі спортшылар да бақ сынады.

Биыл жеңіс үшін жеті команда сынға түсті: «BERKUT», «Вираж», «Дәулет», «Лавины», «Риддер», «Глубокое – Ертіс» және «Namys Bagration». 

Чемпионат қорытындысы бойынша бірінші орынды «Глубокое-Ертіс» командасы иеленді. Екінші орын «Вираж» командасына бұйырса, үшінші орынды «BERKUT» командасы қанжығасына байлады. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, дипломдармен, алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив