A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 11:45 0

ТЖМ тікұшағы 4 жастағы баланы Катонқарағайдан Өскеменге жеткізді

Бүгін / Катонқарағай / Өскемен

Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» тікұшағы Катонқарағай ауданынан Өскемен қаласына 4 жастағы баланы жеткізді. Ұшақта санавиация дәрігерлері науқастың жағдайын үнемі бақылап отырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Ұшу сәтті аяқталып, бала облыс орталығындағы медициналық мекемеге емделуге тапсырылды.

ҚР ТЖМ авиациялық бөлімшелері тәулік бойы дайындықта болып, шалғай елді мекендерден келетін жедел шақыртуларға жылдам әрекет етеді. Бұл қызметтің маңыздылығы жерүсті тасымалдау ұзақ уақыт алатын жағдайларда арта түседі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив