A+ A A-

talgatzhan 6 Бүгін, 17:40 0

Әдебиет сүйер қауым жазушы Әлібек Асқаровпен кездесті – Өскемен

Бүгін / Өскемен / Катонқарағай

Күні кеше А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы Әлібек Асқаровпен кездесу өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кеш тізгінін ұстаған жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Қазақстанның құрметті жазушысы» Әлібек Қаңтарбаев ағамыз қаламгердің өмір жолы мен шығармашылығына тоқталып  өтті.

– Әлібек Асқаров – қазақ прозасының өзіндік үні бар қаламгер. Оның шығармаларынан біз Алтайдың асқақтығын, ауылдың аңқылдақ мінезін, қазақы тәрбиенің мәйегін көреміз, – деді ол.

Әдеби басқосуда оқырмандар қаламгердің шығармашылық әлемімен жақын танысып, туған жер, ұлттық құндылықтар мен Алтай табиғаты жайлы әсерлі әңгімелерге қанықты. Жазушы шығармаларындағы адам тағдыры, ауыл өмірі мен рухани мұраттар төңірегінде кеңінен ой өрбіді.

– Кездесу барысында оқырмандар жазушыға көкейлеріндегі түрлі сауалдарын жолдады. Әсіресе, қаламгердің шығармашылық жолы, қазіргі қоғам мен әдебиеттің жай-күйі, жастардың кітап оқуға қызығушылығы туралы пікірлері көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды, – деді ұйымдастырушылар.

Талғамы биік оқырман, көркем сөз іздейді. Әлібек Асқаровты сағынған оқырмандары залға лық толды. Кешке қаламыздағы ақын-жазушылар, С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері, университет профессорлары және кітапхана оқырмандары қатысты.

Алтайдың асқақ рухын әдебиет арқылы қазаққа жеткізіп жүрген Әлібек Асқаров ағамызбен кездесу кеші шығыстың әдебиетсүйер қауымына ерекше әсер сыйлады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив