A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 14:30 0

Ұлан ауданында 90 млн теңгенің заңсыз мемлекеттік сатып алуына тосқауыл қойды

Бүгін / Ұлан

Аудан прокуратурасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына талдау жүргізу барысында жергілікті атқарушы органдардың қызметінен заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, 5 ауылдық округтің әкімдіктері 2026 жылға арналған сатып алу жоспарларына 44 млн теңге сомасына балалар және спорт алаңдарын абаттандыру жобаларын енгізген. Мұнда мәлімделген жұмыстар «ағымдағы жөндеу» ретінде көрсетілген.

- Сметалық құжаттаманы зерделеу барысында іс жүзінде жаңа құрылыс жоспарланғаны белгілі болды: негіздерді дайындау, бетон төсемдерін төсеу және жаңа ойын кешендерін монтаждау. Заңға сәйкес мұндай жұмыстар үшін міндетті түрде жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) болуы және мемлекеттік сараптамадан өтуі тиіс, алайда бұл талаптар орындалмаған. Басқа жағдайда лоттарды жасанды түрде бөлшектеу дерегі анықталды. Әкімдік шекті мәннен аспау үшін тапсырыстарды бөліктерге бөлген, бұл өнім берушілерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік берген. Негізсіз бөлінген лоттардың жалпы сомасы 45,1 млн теңгені құрады, - делінген ШҚО прокуратурасының ақпаратында. 

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша құжаттама заңға сәйкес келтірілгенге дейін бұл жобалардың барлығы сатып алу жоспарларынан алынып тасталды.

Прокуратура шараларының нәтижесінде 90 млн теңгеден астам бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алды алынды.

 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив