A+ A A-

talgatzhan 38 Бүгін, 10:10 0

Катонқарағай ауданында қонаққа барған үйінен тапанша ұрлаған тұрғынға үкім шықты

Бүгін / Катонқарағай

Катонқарағай аудандық сотында қоймаға заңсыз кіру арқылы жасалған ұрлық бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ауыл тұрғыны жәбірленушінің үйінде қонақта болып, онымен бірге ішімдік ішкен. Үй иесінің ұйықтап қалғанын пайдаланған ол ақша салынған қоржын мен «Кизляр» маркалы пышақты ұрлап кеткен. Кейін шкафтан табылған кілт арқылы сейфті ашып, ішінен газды тапаншаны қолды қылған.
Келтірілген материалдық шығын көлемі 250 мың теңге. Жасалған қылмыс ауыр санатқа жатады. Ер адамның бұған дейін де осы секілді қылмысқа баруы жеңіл санат ретінде қарауға мүмкіндік бермеді. Сот істің барлық мән-жайын ескере отырып, ауыл тұрғынын 3 жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив