A+ A A-

108 9-09-2024, 15:00 0

9-15 қыркүйек аралығына арналған жұлдыз жорамал

Жұлдыз жорамал

Тоқты

Осы аптада жоспардан тыс оқиғалармен ұшыраспайсыз, десе де бірнеше маңызды жайтқа араласуыңызға тура келеді. Жеке өміріңізде аз-кем қиындықтар туындап, оңашада ойға шомасыз. Не де болса сағыңыз сынбасын.

Торпақ

Бұл кезеңде көпшілік бағытыңыздан айнуға үгіттейді. Ешкімді тыңдамай, алға басқан қадамыңыз нықтай түсіңіз. Көлік тізгіндесеңіз жылдамдықты асырмағаныңыз жөн: қауіп қыр астында.

Егіздер

Қазір сүйіктіңізге бір сәт көңіл бөліңіз. Күрделі жұмыстарды ысыра тұрып, демалыс алыңыз, табиғат аясына серуендеп қайтыңыздар. Нәзік жандыларға шаш пен киім үлгісін өзгертуге қолайлы уақыт.

Шаян

Күзгі қарбалас саябырсып, көңіліңіз бір сәт жайланады. Жұмыста жүрсеңіз де құлағыңыз түрлі қоңыраулардан тынығып, бір сәт абыр-сабырдан ада боласыз. Алайда солай екен деп міндетіңізге атүсті қарамаңыз.

Арыстан

Көптен бері жүздеспеген достарыңызды ойға алыңыз. Кейбірі қоңырауыңызды күтіп, дастарқандас болуға асық. Аптаның алғашқы үш күнін қарқынды жұмысқа арнап, қалған күндері сәл тізгін тартасаңыз да болады.

Бикеш

Жуырда пайда болған түйткілдер бойынша ата-анаңызбен ақылдасыңыз. «Жалғыздың үні шықпас» деген мәтел осыған айтылғандай. Маңызды құжаттарға қол қоярда мұқият болыңыз.

Таразы

Бұрыннан бері бір-біріне қабақ шыта қарап жүрген Таразылар осы кезде ат құйырығын кесісетіндей. Тіпті кейбірі өзіне одақтас іздеп, болған жайтқа қатысты сүттен ақ, судан таза шыққылары келеді. Мұндайда бейтарап танытыңыз.

Сарышаян

Қазір түскен тапсырманы қазір орындауға дағдыланыңыз. Әйтпесе, бұған дейін қордаланып қалған шаруаларды аяқтаймын дегенше жүктеме шектен тыс көбейіп кетеді. Өзіңіз үлгермесеңіз әріптесіңізге жүгініп көріңіз.

Мерген

Айналаңыздағылардың көпшілігі алаңсыз тынығып жатқанда сізге жұмыстан еселеп атқару қажет болады. «Бұ қалай?» десеңіз, басшылық сізге айрықша сенім артады. Сондықтан күрделі шаруаларды бір өзіңізге жүктейді.

Тауешкі

Басы бос нәзік жандылар ойында жүрген жанды жолықтырулары мүмкін. Қайда? Қашан? Бұл жағы белгісіз. Әйтеуір, саябақ пен мәдени нысандарға жиі баруды әдетке айналдырғандары ләзім.

Суқұйғыш

Еңбек демалысына шыққысы келіп жүргендердің әзірге бұл ойдан аулақ болғандары жөн. Себебі күздің алғашқы айы тапсырмаларға толы болмақ. Жұмыс, жұмыс деп жүріп отбасыңызға көңіл бөлуді ұмытып кетпеңіз.

Балықтар

Ынта-жігеріңіз бен достарыңыздың қолдауы тамаша нәтижес бермек. Қандай істі қолға алсаңыз да сәттілік әркез серігіңіз болады. Еңбек жолындағы сәтті қадамыңызды жалғастыру үшін кейбір дүниелерде құпияда ұстағаныңыз жөн.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив