A+ A A-

talgatzhan 44 13-09-2024, 12:30 0

Риддерде ұлттық спорт ойындары өтеді

Риддер / Бүгін

Қала әкімдігі өкілдерінің хабарлауынша, шара барысында бәйге, аңға құс салудан бөлек, жаппай көкпар да ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жауапты тұлғалар қазақтың төл спортын насихаттап, оның маңызын көпке жеткізу жарыстың басты мақсаттарының бірі екенін жеткізді.
- Шара барысында бүркіт, қаршыға, ителгі құстарының аңға түсуін тамашалай аласыздар. Шырға тартудан тазылар жарысы өтеді. Бәйге қашықтығы 7 шақырым, алғашқы үш жеңімпаз ақшалай сыйлықпен марапатталады. Жаппай көкпарда әр салымға ақшалай сыйлықтар табыс етілмек. Қошқар, тай тігіледі, - деді әкімдіктегілер.
Тазы жарысында бірінші орынға - 300 мың теңге, екінші орынға - 200 мың теңге, үшінші орынға - 100 мың теңге берілмек. Ұлттық спорт ойындары 14-ші қыркүйек күні, таңертең сағат 10:00-де басталады.
Басқа сұрақтар бойынша мына нөмірге қоңырау шалуға болады: 8-702-361-09-09

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив