A+ A A-

talgatzhan 56 15-09-2024, 14:00 0

Риддерде өткен ұлттық спорт ойындарында Мақаншы ауданынан әкелінген тазы үздік шықты

Риддер / Бүгін

Шырға тарту бәсекесіне Шығыс Қазақстаннан бөлек, Абай облысынан да келіп қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл уақытта көз көрім жерден тазылардың алғашқы легі сөреден шықты. Арасында Қазақстан чемпионы, Мансұр Қанатбекұлы баптайтын «Көкқасқа» да бар. Көп жерде мұны тазылар жарысы деп емес, шырға тарту дейді. Аталған бәсеке бірнеше жүгірістен тұрды. Солардан іріктеліп шыққандары финалға өтеді. Үшінші жүгірісте жарыс жолы аяқталмай, шырғаны ұмар-жұмар еткен «Көкқасқа» шешуші сынға іркілмей өткен болатын. Не дегенмен ел чемпионы. 

Бірақ бұл жолы Мақаншыдан әкелінген «Жұлдыздың» жұлдызы оңынан туды. Бір шақырымды ағып өтіп, егесі Аманбек Дукенбаевпен бірге тұрғырдың ең биік сатысына жайғасты. Семейден жеткізілген «Ғажайып» атты тазы екінші орыннан көрінсе, «Көкқасқа» кеншілер қаласында қолаға қанағат етті. Бұл ретте бірінші орынға – 300 мың теңге, екінші және үшін орындарға 200 және 100 мың теңге сыйақы берілді.

Тазыма бір жас, бір ай болды. Осы бағытта 5-6 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Жарыстың басталуына 3-4 күн бұрын тек сорпа ішкіземіз. Өйткені алдымен ішін тазарту керек. Оған дейін шикі ет беріп, күнделікті дайындығын үзбейміз. Бұның алдында Жаркентте өткен сайысқа қатысып қайттық. Жүлде бұйырмады бірақ. Ол уақытта «Жұлдыз» 7-8 айлық болатын. Бүгінгі бәсекеге тек бірінші орын аламыз деп келдік, – деді Аманбек Дукенбаев.

Әділхан ЕСІМХАНОВ, фотосурет автордікі

 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив