Жақында Самар ауданына қарасты Аққала ауылында екі отбасының үйі өртенді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өртенген бір үйдің иесі Нұрлан Байгожин мен Мадина Байгожина көпбалалы отбасы. 5 баласы бар, 4-еуі мектеп жасындағы балалар. Көршісі Ержан Мұхамадиев жүргізуші, Айсұлу Оспанова зейнеткер. Қазіргі таңда баспана тұруға жарамсыз болып қалды.
- Қиналған сәтте азаматтық танытып, қол ұшын созып, әркім мүмкіндігінше көмектесейік. Біз бұл ешкім күтпеген жағдайдан барлықтарыңызды тысқары қалмауға шақырамыз. Осы оқиғаның құрбаны болған отбасыға шұғыл түрде көмек жинау қажет екені туралы хабарлаймыз және барлық тұрғындардан елеусіз қалмауын сұраймыз, - делінген әкімдік ұсынған ақпаратта.
Байланыс үшін Каспий нөмері:
Байгожина Мадина Қанатқызының тел нөмірі: 8(775)333 30 01.
Ержан Мұхамадиев тел нөмірі: 8(705) 465 16 64.
Пікірлер