A+ A A-

talgatzhan 42 11-09-2024, 10:19 0

ШҚО-да арзан пәтер алуға көмектесемін деген алаяқты тәртіп сақшылары тергеп жатыр

Қылмыс / Өскемен

Облыс тұрғыны үйлі боламын деп жүріп, 500 мың теңгесінен айырылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Содан бірден полиция бөлімшесіне арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, ол нарықтан төмен бағада пәтер сатып алуға көмектесемін деген делдалға алданды. Сенімге кірген алаяқ «қызметі» үшін 500 мың теңге сұрған. Аталған ақшаны алғаннан кейін екіжақтың байланысы үзілді.
- Жедел іздестіру шарасы аясында тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Бұған дейін бірнеше рет сотталған Өскемен қаласының 39 жастағы тұрғыны өз кінәсін мойындады, - деді ШҚО ПД баспасөз қызметіндегілер.
Қазір аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, ал күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив