443.62 492.24 5.36
A+ A A-

Өскеменде жүргізуші рөлде отырып, ұйықтап кеткен

Өскеменде жүргізуші рөлде отырып, ұйықтап кеткен [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі көлік басқару кезінде ұйықтап кеткен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

13 қараша күні таңғы сағат 08:30 шамасында қаладағы 19-шағынауданында болды. Жеңіл автокөлік жол жиегіне аударылып қалған.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, жүргізуші көлік жүргізіп келе жатып, шаршаған күйде ұйықтап кеткен. Соның салдарынан автокөлік жолдан шығып кетіп, жол белгісіне соғылып, кейін аударылған.

Жүргізушіге оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырылды.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив