18 қыркүйек күні сағат 18:30 шамасында «Өскемен – Рахман қайнарлары» автожолының 48-шақырымында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, апатта Toyota, Chevrolet және Subaru көліктері соқтығысқан.
Салдарынан Toyota көлігі жолаушыларының бірі оқиға орнында ажал құшты. Басқа жолаушылар ауруханаға жеткізілген.
Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Пікірлер