Қазақстан Үкіметі 2024 жылғы 20 қарашадағы «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» қаулы қабылдады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Қаулы 2024 жылғы 3 желтоқсанда күшіне енетін көрінеді.
– Заңда белгіленген тәртіппен 2025 жылы әскери қызметке жарамды және оны өтемеген запастағы офицерлер 24 ай мерзімге әскери қызметке офицерлік лауазымдарға шақырылсын, – делінген құжатта.
Барлығы 915 адам шақырылады, оның ішінде:
1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары – 700 адам;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – 80 адам;
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы – 131 адам;
4) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі – 4.
Фотосурет Turkistan.kz сайтынан
Пікірлер