Ресми ақпаратты Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті өкілдері ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жауапты тұлғалар сұйытылған мұнай газы бойынша «Виртуалды қойма» жүргізу және тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу міндеттілігі туралы кодтар ұсынылған кесте ұсынды. Оған тоқталмас бұрын аталған департамент 1 желтоқсаннан бастап өндіру және айналымы «Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚРЗ реттелетін сұйытылған мұнай газына «Виртуалды қойманы» жүргізу және ТІЖ рәсімдеу міндеттілігі бөлігінде ҚР ҚМ-нің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі №619 бұйрығы күшіне енетінін ескертетінін айта кетейік.
Сұйытылған мұнай газын өткізу кезінде ТІЖ міндетті ресімдеу 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап күшіне енді.
Сұйытылған мұнай газына ТІЖ мынадай СЭҚ ТН кодтары бойынша ресімделуге тиіс:
1 2711121100 6 2711129700
2 2711129400 7 2711131000
3 2711129100 8 2711133000
4 2711129300 9 2711139100
5 2711129400 10 2711139700
ТІЖ ресімдеу ЭШФ АЖ WEB-порталында қолжетімді (esf.gov.kz) және салық төлеушілердің есеп жүйелері (API) арқылы.
ЭШФ АЖ-де жұмыс істеу үшін ҚР ҚМ МКК интернет-ресурсында "ЭШФ" бөлімінде орналастырылған нұсқаулықтар пайдаланылады, онда функционалмен қадамдық жұмыс сипатталған:
пайдаланушыларды тіркеу жөніндегі Нұсқаулық https://kgd.gov.kz/ru/content/informacionnye-materialy-po-sisteme-1;
ЭШФ АЖ Пайдаланушы нұсқаулығы https://kgd.gov.kz/ru/content/rukovodstvo-polzovatelya-1;
ашық API арқылы салық төлеушілердің есеп
жүйелерімен интеграциялау жөніндегі Нұсқаулық
https://kgd.gov.kz/ru/content/api-interfeys-elektronnye-scheta-faktury-1.
ЭШФ АЖ-да жұмыс істеу кезінде туындайтын техникалық мәселелер бойынша электрондық мекенжай бойынша жұмыс істейтін ЭШФ АЖ қолдау қызметіне хабарласуды ұсынамыз esfsd@kgd.minfin.gov.kz (24/7 режимінде) және +7 (7172)72-51-61 телефон желісі (күн сайын 9:00-ден 21:00-ге дейін).
Фотосурет Turkystan.kz
Пікірлер