A+ A A-

admin 34 1-12-2024, 15:36 0

Қорғаушы адвокат

Өзге

Біздің мемлекетіміздің ең басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып есептеледі. Осы себептен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мүдделерін қорғауды жүзеге асырушы, заңды тұлға ретінде адвокаттардың рөлі арта түсті. Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясында жарияланған әрбір азаматтың білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Осыған орай 1997 жылы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасының адвокаттық қызметі туралы Заңы қабылданды. Бұл заңның негізгі мақсаты адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етілген құқығынг жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған.

Адвокатура қылмыстық істер бойынша қорғау, азаматтық, әкімшілік және де басқа істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен іске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегінің өзге де түрлерін көрсету жөніндегі адвокаттардың қызметін ұйымдастырады.

Адвокат –адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және арнаулы заңда көзделген щеңберде кәсіби құқықтық көмек көрсететін заңгер; кең мағынасын алғанда –қорғаушы. Заңды қызмет көрсете отырып, адвокат : заң мәселелері бойынша түсіндірмелер, кеңеситер мен жазбаша қорытындылар береді; талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасайды: анықтау, алдын – ала тергеу органдарында, соттарда , мемлекеттік т.б. органдар мен ұйымдарда, азаматтық қарыс-қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың өкілі ретінде қатысады, оларды қорғауды жүзеге асырады.

Адвокаттар алқасының мүшесі . Жоғарғы заң білімі, екі жылдан кем емес заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі бар және адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқына лицензия алған адам .

Адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері

  1. Шешілуі кәсіби заңң білімдерін қажет ететін мәселелер бойынша консультатциялар0 түсіндірмелер, кеңестер мен жазаша қорытындылар береді;

  2. Талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағыбасқа құжаттарды жасайды;

  3. Анықтау , алдын лу тергеу органдарында, соттарға, мемлекеттік және өзге де органдарда, ұйымдарда және азаматтармен қарым-қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың өкілдігі мен оларды қорғауды жүзеге асырады;

  4. Заңдарда тыйым салынбаған өзге де заң көмегін көрсетеді;

  5. Көмек сұрап келген адам адвокатты таңдап алуға ерікті.

  6. Қылмыстық істер жөніндегі кәсіби қорғауды тек адвокаттар ғана жүзеге асырады;

Соттта өз істерін табысты жүргізі үшін заңдарды жақсы біліп және сот өңдірісінің формальдылығын жете сезініп түсінуімен қатар, өз ойын анық бір-бірімен байланыстыра жеткізе білу керек. Осылардың негізінде қажетті заң көмегін алуда сот істерінде тек қана кеңестер беріп қоймай, сот ісін де өзінің сөзімен, сөйлеу өнерімен алып шығатын адамның қажеттілігі туады. Сот ісіне қатысып отырған заң көмегін беруші тараптың әрекетіне қосымша оның атынан іс жүргізі құжаттарын толтырып, сот жарыссөзінде азаматтың құқығымен мүддесін қорғап сөйлеуін құқық қорғау деп аталады.

Сонымен, адвокатура ұғымы бірнеше анықтамаға ие, соның ішінде:

  1. Адвокатура- сотта басқа адамдардың мүдделерін жүргізуге қатысатын белгілі маман адвокаттардың іс-әрекеті

  2. Адвокатура – бұл соттағы өкілдікке қарама –қарсы құқық қорғау.

  3. Адвокатура – адвокаттар құрамы, яғни өздерін осы кәсіпке арнаған тұлғалар класы.

Осыған қарап адвокатураға толық ұғымды былай беруге болады.

Адвокатура- елді мекендер мен заңды және жеке тұлғаларға заң негізінде юридикалық көмек көрсететін кәсәби ұйым.

Өскемен қаласының мамандандырылған

тергеу сотының бас маманы - сот отырысының

хатшысы Альбина Тоқтасынқызы Куашпаева

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив