A+ A A-

talgatzhan 44 19-12-2024, 17:25 0

Тіл мәртебесі - ел мерейі

Өзге / Бүгін

       Тіл –қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлім- тәрбиесі, қатынас құралы, іс жүргізу тілі,  елдік пен бірліктің туы, бізге ата-бабамыздан қалған баға жетпес асыл мұра, рухани байлық.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы:  «Қазақтың  атадан балаға мұра етіп  қалдыратын екі қазынасы бар, оның біріншісі-байтақ жері, екіншісі –бай тілі» дегендей, осы баға жетпес асыл мұра, құндылықты  ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу әр азаматтың парызы деп ойлаймын.

       Тіл –қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлім- тәрбиесі, қатынас құралы, іс жүргізу тілі,  елдік пен бірліктің туы, бізге ата-бабамыздан қалған баға жетпес асыл мұра, рухани байлық.
         Еліміздің Ата Заңының 7-бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі деп көрсетілген, бұл дегеніміз   қазақ тілінің  мемлекеттік мәртебеге ие болғандығы. Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі, ұрпақтан ұрпаққа,  атадан балаға  жеткен  ұлы мәдени мұра. 
Мемлекеттік тіл-қазақ тілін жетік меңгеру –жас ұрпақтың елдігін, ұлттық қасиетін сақтап қалуының кепілі, тіліміздің  байлығы-ұлт мақтанышы.  
Бүгінгі күнде елімізді 130-дан астам ұлт өкілдері мекен етіп, өмір сүруде.  Олардың  әрқайсысының ана тілі, салт-дәстүрі бар.
Көп ұлтты мемлекетімізде  қазақ тілінің  мемлекеттік тіл мәртебесіне  сай қызмет етуін қамтамасыз ету  қоғамдағы күрделі мәселе боп отыр. 
Мемлекеттік тілді  меңгерген  басқа ұлт өкілдерін көргенде, олардың  ана тілімізде сөйлеп, тіліміздің дамуына өз үлестерін қосып, тілімізге құрмет көрсетіп жатқанын көргенде  өзі қазақ ұлтынан бола тұрып, өзінің ана тілі-қазақ тілін білмейтін, тілін бұрмалайтын тұлғаларды көргенде, қатты қынжыласың. 
 Қазақ тілі  тек қазақ  халқының тілі емес, ол Қазақстанда  тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын рухы биік әрбір азаматтың тілі, ал  осы тілді  дамыту, оның қолдану аясын  кеңейту –бәрімізге ортақ міндет деп санауымыз керек. 
Ана тілін жақсы білу –әркімнің азаматтық борышы, қоғамда атқаратын қызметінің  тірегі.
        Қазақ тілінің  тағдыры  қазақ халқының тағдыры екенін терең түсініп,  мемлекетіміздің келешегі  жайлы терең ойлап,  ана тіл мәртебесін үстем етіп, ел мерейін көтеруге ұмтылу қажет, осы асыл құндылығымыздың құны жойылмауы үшін өзіміздің сөйлеу  мәдениетімізді қалыптастыру  арқылы үлес қосатынымызды, тіл мәртебесі- ел мерейі екенін, естен шығармайық!
 
Өскемен қаласының мамандандырылған 
тергеу сотының бас маманы
Гульжан Шакирова

Фотосурет www.gov.kz 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив