A+ A A-

talgatzhan 22 19-09-2024, 11:20 0

Көкпекті аудандық «Жұлдыз-Новая жизнь» газетінің бас редакторы ауысты

Өзге / Бүгін

Белгілі айтыскер ақын Фархат Маратұлы Көкпекті аудандық «Жұлдыз-Новая жизнь» газетінің бас редакторы болып тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл туралы ақпаратпен аталған басылымды көп жылдар бойы басқарған журналист Дархан Бердібек бөлісті. 
- Көкпекті аудандық «Жұлдыз-Новая жизнь» газеті ЖШС құрылтайшысының бұйрығымен 18 қыркүйектен бастап Таянкенов Фархат Маратұлы директор-бас редактор қызметіне тағайындалды.
Таянкенов Фархат Маратұлы 1987 жылы 29 қыркүйек күні Жарма ауданы Сұлусары ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2008 жылы Шәкарім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. Отабсын құрған, 5 баланың әкесі. Еңбек өтілі 14 жыл, - делінген Дархан Бердібектің жазбасында.
Мәлім болғандай, Фархат Маратұлы әр жылдары Алматы қаласының Абай атындағы дарынды балалар мектебінде ақындар сыныбының жетекшісі, республикалық «Арда» жас ақындар газетінің бас редакторы, Алматы қалалық ақындар үйірмесінің жетекшісі қызметтерін атқарды. 2017 жылдан бері Көкпекті аудандық Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің өнерпазы болып жұмыс істеді.
Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер Одағының мүшесі, халықаралық және республикалық айтыстардың жеңімпазы.

Фотосурет Дархан Бердібектің фейсбук парақшасынан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив