451.87 507.31 5.53
A+ A A-

Аягөз гарнизонында офицер көз жұмды

Аягөз гарнизонында офицер көз жұмды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Абай облысындағы Аягөз гарнизонда әскери қызметкердің денесі табылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Аягөз гарнизоны баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 19 қыркүйекте болған. 

«Жұмыстан тыс уақытта Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қызмет ететін офицердің денесі үйінен табылды. Алдын ала ақпарат бойынша офицер өз-өзіне қол жұмсаған. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген ақпаратта.

Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметкердің туған-туыстарына көңіл айтты.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив