Футзалдан Өзбекстанда өтіп жатқан Әлем чемпионатының 1/8 финалында Паулу Рикарду Кака шәкірттері Португалия құрамасын ұтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұның алдында топтық кезеңнің соңғы ойынында Ұлттық құрама сапынан Лео қызыл қағаз алып, Португалиямен өтетін кездесуде қазақстандық ұжымға көмектесе алмайтыны белгілі болды. Әйтсе де Кака шәкірттері алғаш болып есеп ашып, қалың көрерменді бір серпілтіп тастады. Гол авторы - Шыңғыс Есенаманов. Бірінші тайм осылай аяқталды.
Екінші таймда Жорже Браз жігіттері шабуылдарын күшейтіп, Игита қорғаған қақпаға бірнеше қауіпті соққы жұмсады. Кезекті стандарт сәтінде Гвинея-Бисау тумасы Зики Те есепті теңестіріп кетті.
Ойынның бітуіне санаулы секунд қалғанда Қазақстан құрамасы бұрыштама добын орындауға мүмкіндік алды. Аягөздік Дәурен Тұрсағұловтың пасы Дугласқа жетіп, ол Арнольд Кнаубқа асырып, Кнаубтың тепкенін Тұрсағұлов голға айналдырды.
Осылайша, отандастырымыз мұның алдында Әлем чемпионы атанған Португалияны жарыс жолынан шығарып, ширек финалға жолдама алды.
Фотосурет Sports.kz сайтынан
Пікірлер