Қазақстан мен Орталық Азиядағы үздік салалық көрмелердің бірі Komtrans Astana + BUSexpo Astana маусым айында елордада өтеді. Бұл жүк, коммерциялық және жолаушылар көлігінің жалғыз мамандандырылған көрмесі. Аймақтағы көлік индустриясының негізгі сегментін таныстыратын маңызды шара, әрі жетекші B2B алаңы.
Көрмеге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия, Қытай, Германия және басқа да елдердің ірі компаниялары қатысады. Олар инновациялық стартаптар, заманауи технологиялық шешім, арнайы техника, автобус, тіркемелержәне электронды жүйе бағытында өз өнімдерін ұсынады.
Негізгі мақсат — жүк және жолаушылар көлігі саласындағы үздік өнімдердіұсыну.
Қатысушылар қатарында: мемлекеттік органдар мен өңірлердің коммуналдық мекемелері, автопарк операторлары, дилерлер, логистикалық, инженерлік компаниялар және т.б.қатысады.
Komtrans Astana + BUSexpo Astana алаңы көлік және логистика саласындағы озық тәжірибе алмасуға, жаңа серіктестер табуға және нарықтың болашағын бірге қалыптастыруға тамаша мүмкіндік ұсынады.
Тіркелуге арналған сілтеме.
📞Аккредитация: Жанар +7 700 968 8204
Пікірлер