Қозы Көрпеш-Баян сулу кесенесі Абай облысындағы Аягөз ауданында орналасқан. Кесенеге апарар жолдағы көпір көктемнен бері қирап тұр, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.
Аягөз ауданы Тарлаулы ауылдық округіндегі Қозы Көрпеш-Баян сулу кесенесіне апаратын жолда орналасқан көпір 2014 жылы салынған. Мердігер - «АРДС» ЖШС. Биылғы көктемгі су тасқыны кезінде көпір қирап қалды.
«Қазіргі таңда көпірге техникалық тексеру жұмыстары жүргізілді. Жөндеуді қолға алу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлену үстінде. Көпірді қалпына келтіру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілетін болады», - деп хабарлады Аягөз аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінен.
Көпірді бөлшектеу жұмыстары жергілікті атқарушы орган күштерімен іске асырылмақ.
Айта кетейік, Қозы көрпеш-Баян сұлу кесенесі – 10-11 ғасырларда тұрғызылған сәулет өнері ескерткіші. Кесене туралы алғаш рет академик И.П. Фальк 1771 жылы жазған.
Пікірлер