Ішкі істер вице-министрі Айдос Рысбаев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне адам өлтіру статистикасы неге өсіп кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Шенеуніктің сөзінше, олар тоқсан сайын, ай сайын әр жұмыстың нәтижесін қорытындылайды.
– Қазіргі таңда тіркелген қылмыстар саны 8 мыңға азайды. Былай қарасаңыз, бұл үлкен сан. Адам өлтіру бойынша 32 фактіге өсіп тұр. Бірақ адам өлтіру статистикасының 22 факт ішінде адам өлтіруге оқталу ретінде сараланып отыр. Яғни, адамдар тірі қалған. Бірақ дене жарақаты ауыр болғаннан кейін кісі өлтіруге оқталу болып тағайындалады. Нақты адам өлтіру саны тек 10 фактіге ғана көбейіп тұр, – деді ол.
Пікірлер